Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі

 

                Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары;

-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;

-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтері алуы кезінде оларға қажеті жағдайлар жасайды

-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанды толық және анық ақпарат ұсынды;

-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;

-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерін сақтау туралы ақпарат ұсынады;

-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;

- көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.

Қызметті беруші туралы мәлімет:

Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Мекен-жайы: индексі 041400 Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №9

2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 8 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:

1)  Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезіндегі жұмысқа әзірлік паспортын беру –73

2) Ағаштарды кесуге рұқсат беру – 0;

3) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы – 68;

4) Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру – 0;

5) Тұрғын үй сертификаттарын беру – 0;

6) Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілердің халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдалынылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу – 0;

7) Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарды әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 0;

8) Жолаушылармен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозалыс кестелерін бекіту – 0;

Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы – 141;

Оның ішінде:

  • Қағаз түрінде (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтерді қоспағанда) – 73;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болсада, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде – 0;
  • Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы – 0;
  • «Электрондық үкметтің» веб-порталы – 0;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 68;

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

Кеген ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жеке азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс

Халықты ақпараттандыру үшін қағидалар, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғанымен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.

 

 

Кеген ауданының «Тұрғын

 үй-коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі, автомобиль

жолдары және тұрғын үй инспекциясы

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы                         Б.Абдыманапов

Дата публикации
26 апреля 2024