Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі » мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары:
-Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бюджеттік несие ұсыну;
- Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну;
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерінің сақталу туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
-көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Қызметті беруші туралы мәлімет:
Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Мекен жайы: индексі 041400, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі №9.
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 1 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді:
Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны, барлығы - 108.
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне бюджеттік несие ұсыну – 30 маман;
сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы ұсыну – 78 маман;
Оның ішінде:
қызметтерді қоспағанда) – 0;
порталы және (немесе) мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде –0;
жүйелері арқылы-0;
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Кеген ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жеке азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс
Халықты ақпараттандыру үшін стандарттар мен қағидалар, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, қағидалары мемлекеттік қызметті алу жөнінде нұсқаулықтары мен жалпы мәселелер орналасқан.
Қызметті уақтылы, әрі сапалы көрсету азаматтардың қызметке ризашылық деңгейінің артуы – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау шартының негізі болып табылады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде бекітілген мерзімдері бұзылғаны мен азаматтардан түскен шағым болған жоқ.
Бөлім басшысы Ж.Дүкембаев
? Г.Сатыбалдиева
( 8/72777/2-25-37