Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі!
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсету сұрақтары бойынша негізгі бағыттары;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі;
-мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтері алуы кезінде оларға қажеті жағдайлар жасайды
-көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанды толық және анық ақпарат ұсынды;
-мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырады;
-мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қарайды және олардың заңда көрсетілген мерзімдерін сақтау туралы ақпарат ұсынады;
-көрсетілетін қызметті алушылардың сұранысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің орындалу мерзімі туралы ақпарат береді;
- көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына қарсы шаралар қабылдайды.
Қызметті беруші туралы мәлімет:
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: индексі: 041400, Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылы, Б. Момышұлы көшесі №19
2023 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2023 жылы 2 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
2023 жылдың 12 айы бойынша барлығы 12 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимаратында көрнекті ақпарат құралдарында ілінген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жеке азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс Халықты ақпараттандыру үшін қағидалар, сонымен бірге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бар. Уақытында жаңартылып тұрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттардың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында стенд жасалып, ережелері, стандарттарының мәтіні, QR кодтары ілінген.
Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бұзылған жоқ және азаматтардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтердің электронды түрде көрсетілуін насихаттау мақсатында Аудандық «Qarqara» газетіне мақала жарияланып отырады.
Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді
дамыту, дене шынықтыру және спорт
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Бектенов