ЖОБА
Кеген ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері
мен тәртібін айқындау туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 5 тармағына және «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кеген ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
- «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Кеген аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 14-68 шешімінің (Алматы облысы Әділет департаментінде № 6060-05 болып тіркелген) күші жойылсын.
- 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні