Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округ әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

24  қаңтар  2024 жыл                                                                                  3

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округ әкімін

сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің шекарасында Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

               Кеген ауданының  аумақтық

          сайлау комиссиясының төрағасы                          Е.Әлдибеков

 

 

 

 

           Кеген ауданының  аумақтық

           сайлау комиссиясының хатшысы                        Е.Нұрмаманқызы                       

 

Дата публикации
29 февраля 2024