15 қаңтар 2024 жыл 3
Жалаңаш ауылдық округінің әкімі Ә.Б.Малыбековтың
өкілеттігін тоқтатуға әкелетін негіздің туындағаны туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 5 тармағының 6) тармақшасына және 6-тармағына сәйкес әкімнің өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Жалаңаш ауылдық округінің әкімі Әміржан Байниетұлы Малыбеков өз еркімен өкілеттігін тоқтату туралы өтініш беруіне байланысты өкілеттіктерін тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
- Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевқа Жалаңаш ауылдық округінің әкімі Әміржан Байниетұлы Малыбековтың өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізілсін.
- Әкімнің өкілеттігі тоқтатылғандығы туралы хабарлама Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға Е. Әлдибеков
Хатшы Е.Нұрмаманқызы