Алматы облысының Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну басталды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 03 наурызда Жалаңаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 24қаңтарда Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жалаңаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары,аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау»парақшасында орналастырылды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 24 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жалаңаш ауылдық әкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны 2699 адамға жуық санды құрайды.
2024 жылғы 25 қаңтардан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 05 ақпандағы жағдай бойынша 2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен, 1 кандидат «AMANAT» партиясымен ұсынылды.
Жалаңаш ауылдық округі әкімдігіне кандидат ұсыну 2024 жылғы 06 ақпан күнгі сағат 18-00-де аяқталады.
Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы
я