Алматы облысының Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округінде әкім лауазымына кандидаттар ұсыну басталды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2024 жылғы 03 наурызда Жалаңаш ауылдық округіәкімінің сайлауы өтеді.
2024 жылғы 24 қаңтарда Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Жалаңаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады. Сайлау тағайындау, сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары,аумақтық сайлау комиссиясының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылды.
Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 4 учаскелік сайлау комиссиялары, 24сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Жалаңаш ауылдықәкім сайлауы өтетін округ бойынша сайлаушылар саны 2699 адамға жуық санды құрайды.
2024 жылғы 25 қаңтардан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.
2024 жылдың 02 ақпандағы жағдай бойынша2 кандидат өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Жалаңаш ауылдық округі әкімдігіне кандидат ұсыну 2024жылғы 06ақпанкүнгі сағат 18-00-гедейін жалғасады.
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы