Алматы облысы Кеген ауданының Жалаңаш ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы

24 қаңтар  2024 жыл                                                                                     4

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы  Кеген ауданының  Жалаңаш  ауылдық округінің әкімін  сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                      28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                14-бабының 8-1) тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес Кеген ауданының аумақтық  сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің әкімін сайлау 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалсын.
  2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 3 наурызға тағайындалған Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және  Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

          Кеген ауданының  аумақтық

          сайлау комиссиясының төрағасы                          Е.Әлдибеков

 

          Кеген ауданының  аумақтық

          сайлау комиссиясының хатшысы                         Е.Нұрмаманқызы                       

 

 

 

 

Дата публикации
24 января 2024