Қаулының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілері туралы» Заңының 27- бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кеген ауданы әкімдігінің «Ата анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2019 жылғы 7 маусымдағы № 86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5168 тіркелген) қаулының күші жойылған болып танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Кабылбеков Кенес Кунесбаевичке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Теңізбаев