ЖОБА
Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
«Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері мен тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-30 шешімі мен Кеген аудандық мәслихатының «Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы № 9-30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 22-79 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, тіл, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, туризм, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні