САЙЛАУДЫ АҚПАРАТТЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз
басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбысбейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса
алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз
бұқаралық таратудың басқа да нысаны
«БАҚ туралы» ҚРЗ 1 бабы, 4 т.
Бұқаралық ақпарат құралдары әрбiр азаматты оның құқығы
мен мүддесiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және
ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге
мiндеттi.
«БАҚ туралы» ҚРЗ 2 бабы, 2 т.
САЙЛАУДЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Сайлау комиссиялары жалпыға қолжетімді
телекоммуникациялық желілерде орналастырылатын,
өз шешімдерімен бүкіл адамның еркін танысуы үшін
жағдай жасайды.
«ҚР сайлау туралы»
Конституциялық заңның 20-бабы 6-т
Мерзiмдi баспасөз басылымдары сайлау
комиссияларының хабарларын Орталық сайлау
комиссиясы айқындайтын тәртiппен және көлемде
республикалық және жергілікті бюджеттерде
көзделген қаражат есебінен орналастырады.
«ҚР сайлау туралы»
Конституциялық заңның 28-бабы 8 т.
БАҚ тиiстi сайлау комиссияларына осы
Конституциялық заңда белгiленген сайлау алдындағы
науқан барысы туралы ақпаратты және хабарларды
жариялау мүмкiндiгін дереу береді.
«ҚР сайлау туралы»
Конституциялық заңның 27-бабы 7 т.
БАҚ-ТА ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДА ҮГІТ
ЖҮРГІЗУ
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайнплатформаларды пайдаланушылар міндетті:
Кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын
объективті жазып-көрсетуге
кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік
беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен
өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға
аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетін және iскерлiк
беделін қорғау үшiн баспа басылымының ең таяудағы
нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске
шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде
терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге немесе
іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен
өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға