2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы




«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8) тармақшаларына,  Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» № 18/669,  «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» №18/671 қаулыларына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Осы қаулы облыстың сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
  3. 3. Осы қаулы Алматы облыстық комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.




Төраға

М.Айтова

 

Хатшы


А.Қанатова




 

 

 

Қонаев қаласы,

 

2023 жылғы 20 қаңтар,

№ 14

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Алматы облысы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
Дата публикации
23 января 2023