Кеген ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

 

 «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының  8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кеген ауданы бойынша 2020-2021 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 – қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының «Заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі» тұрақты комиссияға жүктелсін.
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа еңгізіледі.
Дата публикации
17 апреля 2020