2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Алматы облысы Кеген ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Кеген аудандық  сайлау   комиссиясының 2021 жылғы              25 маусымдағы № 3

қаулысына қосымша

 

 

 

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Алматы облысы Кеген ауданының ауылдық  округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен

 өткізу жөніндегі негізгі  іс-шаралардың 

күнтізбелік жоспары

 

1. Ауылдық округ әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау

 

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы,

2021 жылғы 25 маусым

 (113-1-б.2,3-т)

 

2. Сайлау округтерінің  тізімін, олардың шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

 (22-б.)

 

3. Аудандық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей,  2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

                                                                               (17-б. 2-т.)

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аудан әкімі.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей, 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей

(23-б. 5-т.)

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2021 жылғы 26 маусым басталады және 2021 жылғы    9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (113-3-б.1-т.)

7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы

(4-б, 113-5 -б.11 т.2) т)

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және  сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б.8-1) тт 31-б)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде

(113-4-б)

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу

 

Паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Қол қою парақтары Кеген аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 7-т)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына әкімдікке кандидаттардың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкімдікке кандидатттар,

саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 2-т)

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2021 жылғы 1 маусымға)

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т)

 

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 4-т)

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлауға дейін он күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б)

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссисясы

Үгіт басталғанға дейін

 (28-б. 6-т.)

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 

                                                                              (27-б. 2-т.)

 

18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну                                                    

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,               2021 жылғы 5 шілдеге дейін

 (24-б. 5-т)

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда, 2021 жылғы 10 шілдеден бастап

 (26-б. 1-т.)

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей  

2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

 

 Кеген  аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын

2021 жылғы 22 шілдеден ерте емес және 2021 жылғы 24 шілдеден кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

2021 жылғы 25 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

24. Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат        07.00-ден 20.00-ге дейін

 (38-б. 1-т.)

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

 (18-б. 8) т., 43-б.)

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

 (43-б. 8-т.)

 

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей

 (113-10-б.)

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2021 жылғы 28 шілдеден кешіктірмей

 

 (44-б.)

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

Кеген аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2021 жылғы 31 шілдеден кешіктірмей

 

(45-б, 2-т, 46-б, 113-11-б)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

 

Дата публикации
25 июня 2021