Кеген ауданының ТЖБ қызметкерлері «Өрт қауіпсіздігі үшін бірге» акциясы аясында «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін» ұйымдастырды.
Бұл іс-шараға барлығы 24 адам қатысты:
2020-2021 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес өртте адамдардың қайтыс болуын және улы газдан улану оқиғасын болдырмау мақсатында Жаланаш ауылындағы 250 тұрғын үй және Мойнақ ауылындағы 80 тұрғын үйге ұсыныстардың түбіртектері мен жадынамаларын тарату жұмыстары жүргізілді. Аталған аралау жұмыстары кезінде от жағу пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзудың 66 фактісі анықталды, оның ішінде 26 бұзушылық сол жерде жойылды.
Сондай-ақ, Кеген ауылында кәсіпкерлермен адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша бойынша 10 нұсқаулық және «Шынсерик и К» орталық базарында 2 жиын ұйымдастырылды.
Осы аталған жұмыстар жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.