Қазгидромет РМК-нің 2021 жылғы 20 қаңтардағы дауылды ескертуіне сәйкес, Кеген ауданының аумағында 2021 жылы 22 қаңтарда ауыр ауа-райы 23-28 м /с екпінді желмен ауыр қар түрінде дамыды, №-11 өрт сөндіру бөлімінің байланыс телефонына, Кеген аудандық полиция қызметкерлерінен Nissan Almera жеңіл автокөлігі қар құрсауында қалып қойғандығы және көлік ішінде 5 жолаушы болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Кеген аудандық Төтенше жағдай бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Р.Махпиров, Кеген аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенант А.Әбділдаев және Кеген аудандық ПБ-нің екі қызметкерілері шықты. Барып қарау кезінде автомобиль сырғып жолдан шығып кеткендігі сол себепті қар құрсауында қалып қойғаны анықталды, көлік ішінде 5 адам болды (2 әйел, 3 ер адам).
Кеген ауданы ТЖБ және АПБ қызметкерлерінің көмегімен бұл көлік қар құрсауынан құтқарылып, жақын жердегі Кеген ауылында тұратын туыстарына жеткізілді. Құтқарылған жолаушылар Кеген ауданының ТЖБ және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, енді дауыл туралы ескертулер туралы SMS-тер келген кезде жолға шықпауға уәде берді.
Кеген ауданы ТЖБ