ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

    Кеген ауылы                                                                             2026 жылғы 2 шілде

КІРІСПЕ БӨЛІМ

Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) басшысының 2026 жылғы  03 шілдедегі №34-Б-н/қ «Бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» 2026 жылғы 2 шілдесінен 18 шілдеге дейінгі кезеңде бірлескен бұйрығы негізінде жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен бөлімнің 2026 жылғы 06 айдағы жұмысы қамтылды.

Бөлім Кеген ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 05 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде (бұдан әрі – ереже). Ережеге сәйкес Бөлімнің миссиясы Кеген ауданының аумағында мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік басқару функциясын іске асыру болып табылады.

Президенттің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 Жарлығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша ішкі талдау жүргізілді:

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

        1.Бөлім өз қызметінде басшылыққа алады:

- "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;

-"Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 қарашадағы №186 Заңы;

- "ҚазақстанРеспубликасыныңӘкімшілікрәсімдік-процестіккодексі"

-Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;

- "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ;

- "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;

- "Мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы;

- "Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы;

- "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрықтары. 

БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ.

2.Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша

  1. 2026 жылға арналған штаттық кестеге сәйкес Бөлім қызметкерлерінің саны - 3 бірлікті құрайды (бөлім басшысы, 2 бас маман,), бос жұмыс орындары жоқ. Қазіргі уақытта бөлімде 3 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлім тарапынан кадрларды жұмысқа қабылдау кезінде ҚР заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Мүдделер қақтығысы желісі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау анықталған жоқ.

  1.   Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Бөлім 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

«Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 357 бұйрығына және «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген Қағидаларына сәйкес бөлім мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетуге міндетті:

1) Спорттық атақтар беру:

  1. Көзделмеген құжаттарды талап ету фактілерінің болуы - жоқ.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестерінің Стандартпен бекітілген нормаларға сәйкестігі.

Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес келеді.

  1. Тікелей байланыс қаупі

Талдау көрсеткендей, бөлімде Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық қызметтер көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыста болады. Электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП) арқылы және азаматтар үшін Үкімет арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мүмкін емес.

8."Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы".

Азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау кезінде ҚР заңнамасын бұзу анықталған жоқ.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

  1. Жоғарыда айтылғандардың негізінде Кеген ауданының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысына кеңес береміз:

          1) Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

 2) "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы"Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын қатаң сақтауға міндетті.,

3) Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оны болғызбау мақсатында, жаңадан енгізілген заң бойынша техникалық түсіндірме сабақтар өткізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы бейне қараулар көрсету арқылы дәрістер өткізу.

4) қызметкерлердің мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексі нормаларын сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өткізілген іс-шаралар туралы хаттама мен фотоесепті ұсына отырып, тәртіптік жазалар туралы семинар ұйымдастыруға міндетті.

Жұмыс тобының мүшелері

Бөлім басшысы                                                       Т. Тәтібаев

Бас маман                                                                 М. Апендиев

Бас маман                                                                  Ғ. Бозымбаева

Дата публикации
23 сентября 2026