Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
сайланған әкімді тіркеу туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Кеген ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес және аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 маусымдағы №13 шешімі негізінде Мәлібеков Бақытжан Кемелжанұлы Кеген ауданы Тұйық ауылдық округінің әкімі болып тіркелгенін хабарлайды.
Кеген ауданының
аумақтық сайлау комиссиясы