
Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіруге ықпал ету мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
АӘК мыналарға тағайындалмайды:
1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);
2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;
3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;
4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы;
5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.