
Миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Міндеттері:
1) жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлғын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
3) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекттің жерге құқықтарын қорғау;
5) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.