GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Қызметі
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
02 июля 2026
Құрылтай

ҚҰРЫЛТАЙ 

02 июня 2026
Мемлекет басшысы Алатау қаласының даму барысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары Алатау қаласының даму жоспарымен танысудан басталды.
🟦Қазіргі кезде қала ауданы 88 мың гектарды құрайды. Шаһар 2050 жылға дейін кезең-кезеңімен дамытылатын 4 арнаулы аумаққа бөлінген. Сонымен қатар қаланың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалып жатыр. Магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы қолға алынған.

🟦Басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды.

🟦Бүгінде Gate City тұрғын үй алабы жедел өркендеп келеді. Мұнда «жайлы мектеп» бой көтеріп, «Маревен Фуд», «КНАУФ», Fruit Art, Dolce Pharm және Алматы желдеткіш зауыты секілді жүйе құрайтын кәсіпорындар жұмыс істейді.

🟦Бұдан бөлек, 53 инвестициялық жобадан тұратын пул жасақталды. Оның жалпы сомасы 2 триллион теңгеден асады.
🟦Атап айтқанда, PepsiCo компаниясы Орталық Азиядағы картоп өңдейтін ең ірі зауыт салып жатыр. Mars Petcare компаниясы үй жануарларына арналған азық өндіретін өңірдегі алғашқы заманауи әрі бірегей жобаны қолға алды. KHAN TENGRI BIOPHARMA компаниясы дәрі-дәрмек пен медициналық қондырғылар шығарумен айналысады. «Исткомтранс» және G-Trans компаниялары логистикалық кластер құруда.

🟦Мемлекет басшысына Iconic Complex жобасы таныстырылды. Бұл Алатаудағы көпфункционалды озық кешен саналады. Қаладағы негізгі нысанның бірі Gate District ауданында бой көтермек.

t.me/aqorda_resmi

28 мая 2026
Қазақстан мен Таиланд іскерлік әріптестікті нығайтуда: Бангкокта Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті

Таиланд Сауда палатасының штаб-пәтерінде екі елдің ресми және іскер топтарының қатысуымен Қазақстан-Таиланд бизнес-форумы өтті. Іс-шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері, мемлекеттік органдар, іскерлік қауымдастықтар және Қазақстан мен Таиланд бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Форум барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, электрондық коммерция, туризм және тұрақты даму салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Қазақстанның Орталық Азия, Қытай, Кавказ және Еуропа арасындағы негізгі көлік-логистикалық торап ретіндегі әлеуетін пайдалану мәселесіне, сондай-ақ қазақстандық өнімдерді Таиланд және АСЕАН-ның басқа да елдері нарықтарына ілгерілету перспективаларына ерекше назар аударылды.

Қазақстан тарапынан құттықтау сөз сөйлегендер қатарында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы және Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Марғұлан Баймұхан болды. Таиланд тарапынан Таиланд Сауда палатасының төрағасы доктор Пож Арамваттананонт, Таиландтың Қазақстандағы Елшісі Пияпин Нийомреркс, сондай-ақ Корольдіктің іскерлік қауымдастығының өкілдері қатысты.

Форум аясында қазақстандық тарап елдің инвестициялық және экономикалық әлеуетін, инвесторларды мемлекеттік қолдау шараларын, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының, Astana Hub-тың және Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының мүмкіндіктерін таныстырды. Таиланд бизнесі тарапынан азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, туризм, жаңартылатын энергетика, цифрландыру және заманауи өндірістік тізбектерді дамыту салаларындағы ынтымақтастық перспективалары үлкен қызығушылық тудырды.

Форумның практикалық нәтижесі ретінде Алматы облысының әкімдігі мен Таиландтың туристік қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарды қоса алғанда, бірқатар екіжақты құжаттарға, сондай-ақ екі елдің шаруашылық субъектілері арасындағы бірқатар коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Қол қойылған құжаттар іскер топтар арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға, тай туристерін Қазақстан Республикасына тартуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ақпарат алмасуға, бейінді компанияларды қолдауға және бірлескен бастамаларды ілгерілетуге бағытталған.

Сондай-ақ тай бизнесі өкілдерінің тақырыптық презентациялары өтті. Оларда экспорттық-импорттық операциялар, сертификаттау, логистика және дистрибуция арналарын дамыту мәселелері қарастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша екі елдің компаниялары мен іскерлік бірлестіктері өкілдерінің B2B форматындағы екіжақты кездесулері өткізілді.

Форумға қатысушылар сауда-экономикалық кооперацияны одан әрі кеңейтуге, бизнес-қоғамдастықтар арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға және қазақстан-таиланд ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаруға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделіліктерін растады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Таиланд арасындағы екіжақты тауар айналымының көлемі 255,1 млн АҚШ долларын құрап, алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 8%-ға артты. Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі мәртебесін сақтап отыр және Таиландтың өңір елдерімен саудасының 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Қазақстан экспортының негізін мұнай және мұнай өнімдері, металдар, химиялық өнімдер және ауыл шаруашылығы шикізаты құрайды, ал Таиландтан импорт азық-түлік тауарларынан, автомобиль жасау өнімдерінен, химия және электрондық өнеркәсіп өнімдерінен, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлардан тұрады.

21 мая 2026
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысындағы өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі бірқатар өндірістік, көлік-логистикалық, энергетикалық және инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Оған облыс басшылығы, сондай-ақ нысандарға жауапты салалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев алдымен PepsiCo Central Asia зауытында, «Алтын таға» ӨК» ЖШС‑нің өндіріс орнында, «Қайрат» индустриалды аймағында, «Almaty Insulation» ЖШС-да болды.

PepsiCo Central Asia-ның Орталық Азиядағы жеңіл тағамдар (снектер) шығаратын ең ірі зауытының жобасы екі кезең бойынша жүзеге асырылуда. 2024 жылы құрылысы басталған нысанның алғашқы кезеңі биыл пайдалануға беріліп, 14-16 мың тонна өнім шығарады деп күтілуде. Ал 2-ші кезең – толық қуатында 2026-2030 жылдары іске қосылады. Сол кездерде жылына 70 мың тоннаға жуық дайын өнім шығару үшін 210 мың тонна жергілікті картоп өңделетін болады. Агробағдарламаға Алматы, Жетісу, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарының шаруашылықтары тартылған. Инвестицияның жалпы көлемі – $370 млн. Жоба аясында 900 тұрақты жұмыс орны, ал қосалқы салаларда 1 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасарына ұзындығы 1,6 шақырым болатын қосалқы жолдың құрылысы, «Gate-City» автоматтандырылған газ тарату стансасының техникалық жағдайы, «Көкпа 110 кВ» стансасының резервтік желісін қалпына келтіруге қатысты мәлімет берілді.

«PepsiCo Central Asia экономиканы әртараптандыру және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу бағыты бойынша маңызды орын алады. Оны уақтылы іске қосу үшін тиісті қолдау көрсетуге әзірміз»,- деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Алтын Таға» өндірістік компаниясы» ЖШС темірбетон, металл бұйымдары, сэндвич-панелдер тағы да басқа құрылыс және өнеркәсіп материалдарын шығарады, сондай-ақ машинақұрастыру бағытын да дамытуда. Жалпы инвестиция көлемі 34 млрд теңге болса, оның бүгінде 13,5 млрд-ды игерілген. Жоба аясында 13 өндірістік нысанның құрылысы көзделген, оның ішінде жалпы ауданы 20 мың шаршы метр болатын 6 нысан пайдалануға берілді. Жобаларды аяқтау 2027-ші жылға белгіленіп отыр.

Сапар барысында инженерлік инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, машина жасау өнімдерін лицензиялау және сертификаттау, өнімді Отандық өндіріс тауарлары тізбесіне енгізу, қайта қаржыландыру мәселелері де айтылды.

Бүгінгі таңда Алматы облысында жалпы ауданы 8 904,77 гектар болатын 21 индустриялық аймақ құрылған, олардың жиынтық инвестициялық портфелі – шамамен 1 трлн теңге. Қолданыстағы индустриялық аймақтарда 41 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Негізгі инвестициялық портфель «Қазбек бек», «Қайрат», «Шелек» және «Береке» индустриялық аймақтарында шоғырланған. Солардың бірі – «Қайрат» индустриялық аймағына барған Нұрлыбек Нәлібаевқа өнеркәсіптік аумақтардың дамуы туралы мәлімет берілді. «Алматы облысының индустриялық аймақтарын басқару компаниясы» ЖШС бас директоры Ербол Шоқаевтың хабарлауынша, электр және газбен қамтамасыз ету мәселелері әлі де толық шешімін таппай отыр. Одан бөлек электрмен уақытша қамту, теміржол инфрақұрылымын, жер телімдерін пайдалану, газ тапшылығы сияқты мәселелер бар.

«Мемлекет басшысы Алматы облысындағы 5 өңірлік индустриялық аймақтың инфрақұрылымын қаржыландыру, оның ішінде ұлттық даму институттары арқылы қаражат бөлу мәселесін пысықтауды тапсырған болатын. Бұл жұмыс Үкіметтің тікелей бақылауында. Өңір әкімдігі Энергетика министрлігімен бірге елді мекендер мен индустриялық аймақтарды газдандырудың жаңартылған схемасын әзірлеп, қосымша электр қуатымен қамтамасыз ету жолдарын қарауға тиіс»,- деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары «Қайрат» индустриялық аймағына да барып, құрылыс материалдарын шығаратын «Аlmaty Insulation» ЖШС-нің өндірістік алаңын аралап көрді. Компания өнімдері ішкі нарықпен қатар, экспортқа да шығарылады. Мұнда салынған инвестициялардың жалпы көлемі – 59,8 млрд теңге, сонымен қатар 240 тұрақты жұмыс орны құрылған. Жылдық өндіріс қуаты: 1,26 млн текше метр дайын өнім, оның ішінде тас мақта – 1 млн, экструзиялық полистирол – 0,26 млн текше метр. Кез келген құрылысқа арналған жылу оқшаулағыш материалдарын шығаратын кәсіпорын 2024 жылы энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар өндіру жобасын сәтті жүзеге асырды.

Бірінші вице-премьер құрылыс компаниялары отандық тауар өндірушілерден өнімдерді басымдықпен сатып алуы қажет екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының Алматы облысының жол-көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-Талғар», «Алматы-Бішкек» автожолының учаскесін кеңейту, «Кеген» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен және Үлкен Алматы айналма жолының мүмкіндіктерімен танысты.

«Алматы-Талғар» автомобиль жолының 13-21 шақырым учаскесін кеңейту бойынша жұмыс жобасы аясында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның құны — 17,2 млрд теңге. Оның аясында жолды 4 жолаққа дейін кеңейту, бүкіл учаске бойына жарықтандыру жүйесін орнату, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салу, сондай-ақ жаяу өткелдерде заманауи бағдаршамдар орнату көзделген. Жобаны жүзеге асыру күре жолдың өткізу қабілетін арттыруға, көлік кептелістерін азайтуға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

«Кеген» автомобиль өткізу пунктін жаңғырту жобасы бүкіл еліміз үшін стратегиялық маңызға ие. Жобаны жүзеге асыру шекара маңындағы аумақтың транзиттік және логистикалық әлеуетін арттыруға, туризмді, сыртқы сауданы және көршілес мемлекеттермен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін береді.

«Алматы–Бішкек» автомобиль жолының 19-27 шақырым учаскесін кеңейту жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген және биыл 9 сәуірде мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Жоба аясында күре жол 4-тен 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, екі көлік айрығы, тоғыз жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі, көшені жарықтандыру құрылғылары және жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар салынады. Нәтижесінде көлік дәлізінің өткізу қабілетін арттыру, көлік жүктемесін азайту, қала маңындағы елді мекендердің Алматымен көлік байланысын жақсарту, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына барды. ҮАААЖ мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында елімізде жүзеге асырылған ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі әрі елдің көлік-логистикалық әлеуетінде елеулі орын алады. Жобаның толық іске қосылуы Алматы қаласындағы көлік жүктемесін едәуір төмендетуге, транзиттік ағындарды мегаполис аумағынан шығаруға, халықаралық көлік дәліздерінің өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жүк тасымалы уақытын қысқартуға ықпал етеді.

ҮАААЖ Алматы облысының Қарасай, Талғар және Іле аудандарының аумағы арқылы өтеді. Көлік құралдарының орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы шамамен – 85 000 автокөлік. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 66 шақырым, оның ішінде 6 жолақты бөлігі – 51,5 шақырым, 4 жолақты бөлігі – 14,5 шақырым.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Алматы облысында жылу инфрақұрылымы, газбен қамту, Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жобаларымен де танысты. Қонаев қаласындағы «Жылу орталығы» коммуналдық кәсіпорнында оған ЖЭО-ның өндірістік қуаты, жылу желілерінің жай-күйі және Қонаев қаласын тұрақты жылумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Сонымен қатар Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаев өңірдің алдағы жылыту маусымына дайындығы, Алматы агломерациясындағы елді мекендерді газбен қамту, жүзеге асырылған жобалар мен газ инфрақұрылымын кеңейту жоспарлары туралы айтты.

Алматы агломерациясы құрамына Қарасай, Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандары, сондай-ақ Қонаев және Алатау қалаларын қоса алғанда 188 елді мекен кіреді. 2022–2025 жылдары 22 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. 2026 жылы тағы 9 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Қонаев қаласының жылу инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қаладағы орталық қазандық облыс орталығын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Қазандықтың жобалық қуаты сағатына 192 Гкал болса, қолданыстағы қуаты – 178 Гкал. Қаладағы жылу желілерінің ұзындығы 61 шақырымды құрайды, тозу деңгейі – шамамен 45%.

Сонымен қатар кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін арнайы техника сатып алу және жылу желілерін күрделі жөндеу мәселелері қаралды.

Бұл орайда, Үкімет алдағы жылу беру маусымына дайындық барысын, сондай-ақ халықты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуді ерекше бақылауда ұстап отырғаны баса айтылды.

Қонаев және Алатау қалаларын дамытудың перспективалық жобалары таныстырылды.

Қонаев қаласын 2027 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары аясында инженерлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған 187 іс-шара жүзеге асырылуда. Қалада «Арна» қосалқы стансасы, жаңа кәріздік тазарту және инженерлік желілердің құрылысы жүргізілуде. Кейінгі жылдары қала экономикасына 397,6 млрд теңге инвестиция тартылды.

Алатау қаласы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан стратегиялық жоба ретінде айқындалған. Қала заманауи Smart City қағидаттары және инновациялық технологиялар негізінде дамып келеді. 2024 жылы Алатау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспары бекітілді. Бүгінде арнайы экономикалық аймақта жалпы құны 242 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдар мен өңір әкімдігіне инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы жүзеге асыру, халықты тұрақты коммуналдық қызметтермен қамту және қысқы маусымға сапалы дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

primeminister.kz

20 мая 2026
Алматы облысында әуе таксиі алғаш рет сынақтан өткізілді

Бүгін Алматы облысының Алатау қаласында алғаш рет eVTOL ауе таксиі ұшырылды. Мұндай сынақ Орта Азияда бірінші рет өткізіліп тұр. Электр қуатымен жұмыс істейтін аэротакси көлік кептелісін азайтуға, туристік нысандарды байланыстырып, діттеген жеріңе тез жетуге мүмкіндік береді. Сағатына 200 шақырымды еңсере алады. Қуаты да 200 шақырымға шақталған. Бір ұшқыш пен бес жолаушыны тасымалдай алады. 13 электрқозғалтқышпен жабдықталған. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда дыбысы әлдеқайда бәсең және көмірқышқыл газын шығармайды. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес алғашқы сынақ жолаушысыз өткізілді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те қатысып, жоба отандық көлік саласының тарихындағы айтулы жаңалық екенін атап өтті.
«Өздеріңізге белгілі, жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қойды. Қала келешекте экономикалық өсім үшін қолайлы экожүйеге айналады. Ал бүгінгі жоба – озық технологиялар мен «ақылды қала» тұжырымдамасын жүзеге асыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай заманауи ұшып-қону құрылғыларын дамытуға күш салып жатқан «Alatau Advance Air Group Ltd.» командасының еңбегі ерекше құрметке лайық.
Аталған бастама Алатау қаласын инновациялар мен цифрландырудың басты орталығы ретінде дамыту тұжырымдамасымен толық үндесіп жатыр. Жобаға 250 млн доллар инвестиция тартылды. Бұл – Alatau City-дің болашағына деген жоғары сенімнің көрінісі.
Бүгінде еліміз жаһандық технологиялық өзгерістерді сырттай бақылап қана қоймай, олардың белсенді қатысушысына айналды. Көк аспанды бағындырған әуе таксилерінің сапары сәтті әрі қауіпсіз болсын. Орталық Азиядағы заманауи авиацияның жаңа дәуірі дәл осы біздің өңірден бастау алғаны – бәріміз үшін үлкен мақтаныш», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ жобаны іске асырушы серіктестермен келісімшартқа қол қойды.

«Alatau City Authority»-дің бас атқарушы директоры Әлішер Әбдіқадыров өз сөзінде игі бастаманың беретін мүмкіндіктеріне тоқталды. «Бүгін біз Қазақстан үшін тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Елімізде алғаш рет аэротакси сынақтан өтті. Бұл тек жаңа технологияны таныстыру емес, сонымен қатар инновация мен цифрлық технологияға негізделген жаңа қаланың даму кезеңінің бастамасы. Alatau City – болашақтың қаласы. Сондықтан еліміздің әуе мобильділігі мен жаңа индустриясының дамуы дәл осы жерден басталуының символдық мәні зор. Біздің мақсат – технологияны жай ғана енгізу емес, оның толыққанды экожүйесін қалыптастыру. Яғни қажетті инфрақұрылым құру, инженерлік саланы дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу», – деді ол.

eVTOL әуе таксиінің ұшып-қонуы үшін қуаттау және навигациялық жүйелермен жабдықталған вертипорттар пайдаланылады. Оларды қала ортасына – ғимарат шатырларына, көлік тораптарына және бизнес-кластерлерге орналастыруға болады. Қазіргі таңда Alatau City-де алғашқы вертипорттың құрылысы басталып кетті. Болашақта Алатау қаласы, Алматы және Алматы облысының туристік аймақтарында вертипорттар желісін құру жоспарланып отыр. Маршруттар өңірдің негізгі көлік тораптарын байланыстырады деп күтілуде.

Іс-шара барысында аэротаксимен қатар жүк тасымалдайтын дрондар мен цифрлық навигация платформасы да таныстырылды.

Қазіргі таңда әлем бойынша жолаушы тасымалдайтын аэротаксилер әлі сынақтан өткізіліп жатыр. Әзірге инфрақұрылымды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары әзірленуде. 2029 жылға қарай іске қосылуы мүмкін. Бұл жоба тек өңірдің ғана емес еліміздің әуе тасымалын дамытуға серпін беретіні сөзсіз.

15 мая 2026
Алматы облысында дәрі-дәрмек өндірісін дамытуға 39 млрд теңге инвестиция тартылады

Бүгін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен «Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС-ның директоры Шен Яшар өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Келісім Астана қаласында өткен «Қазақстан – Түркия» бизнес-форумы аясында жасалды. Келіссөз негізінде аталған фармацевтикалық зауытты кеңейту үшін қажетті іс-шаралар айқындалды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды өндіретін түркиялық компания Іле ауданында орналасқан. Зауытта жылына 24 млн дана дәрі-дәрмек өндіріледі. Қазірдің өзінде 250 адам тұрақты жұмыс істеуде. Бүгінгі келісім барысында жобаны одан әрі дамыту мәселесі пысықталды. Яғни, 2026-2032 жылдар аралығындағы инвестиция көлемі кемінде 39 млрд теңге болады деп жоспарланған. Оның ішінде, 8,85 млрд теңге қатты дәрі-дәрмек өндірісін жаңғыртуға, 30,15 млрд теңге инновациялық биотехнологиялық дәрілерді шығаратын модульдік блок құрылысына жұмсалады. Жылына 300 млн қатты және 1,5 млн биотехнологиялық дәрі өндірілмек. Бұл онкология, аутоиммундық, жүрек-қантамыр, сирек және психоневрологиялық ауруларды емдеуге көмектеседі.

Жоба негізгі капиталға ұзақ мерзімді инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми-технологиялық құрылғыларды дамытып, мамандардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік маңызы бар дәрілерді жергілікті жерде өндіруге, импортқа тәуелділікті азайтып, экспорт әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді деп күтілуде.

Айта кетейік, 2022-2026 жылдар аралығында Алматы облысы мен Түркия елі арасында 53 кездесу өткізілді. Нәтижесінде логистика, тұрмыстық техника өндірісі, кондитерлік және фармацевтикалық өнім өндіру салалары бойынша құны 97,9 млрд теңге болатын 5 жоба іске асырылып, 2 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында «Kucukler Holding», «Якар», «Хамле Компани ЛТД», «СП Кока-Кола Алматы Боттлерс» сияқты ірі компаниялар бар. Сондай-ақ «MES Story Invest» ЖШС-мен бірлескен жоба іске асырылу сатысында.

Өткен жылы Алматы облысы мен Түркия Республикасы арасындағы тауар айналымы 230,8 млн АҚШ долларына жетті. Импорт көлемі 222,8 млн АҚШ долларын, ал экспорт 7,9 млн АҚШ долларын құраған.

27 апреля 2026
Өңірде әкімдік жанындағы Ғылыми кеңестің отырысы өтті

Өңірде әкімдік жанындағы Ғылыми кеңестің отырысы өтіп, онда ғылымды дамытудың басым бағыттары мен оларды өңір деңгейінде іске асыру мәселелері қаралды.

Ғылыми кеңестің жаңартылған құрамы жұмыс істейді, оның құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың және Ғылым академиясының 25 өкілі енгізілді.

Өңірдегі ғылымды дамытудың негізгі басым бағыттары талқыланды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар өңірдің инновациялық экономикасын қалыптастыруға және ғылыми әлеуетін нығайтуға бағытталған.

22 апреля 2026
Алматы облысы Ресеймен ынтымақтастықты нығайтуда

Аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулы Дмитрий Тураевпен кездесті. Облыс әкімдігінде өткен жүздесуде қос тарап екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, осы бағытта әлеуетті арттыруға ниет білдірді, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Марат Сұлтанғазиев облыстың экономикалық дамуы және инвестициялық мүмкіндіктері, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, туризм, баламалы энергетика мен өнеркәсіп бағыттары жайлы қысқаша баяндады. Сонымен қатар инвесторлар тарту мен кәсіпкерлікті дамытуға заң аясында жасалып отырған қолдауларға, қолға алынып жатқан іргелі жобаларға да тоқталды. Өз кезегінде аймақ басшысы көрші ел делегациясына Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып жатқанын, Алматы облысымен де өңіраралық байланыстардың нығайып келе жатқанын баяндады. Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, Алматы облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы өткен жылы 16 пайызға артқан.

– Бүгінде Алматы облысында Ресей капиталының және бірлескен капиталдың қатысуымен 216 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл – екіжақты іскерлік ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің айғағы. Бүгінде өңірде ауқымды инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар белсенді түрде іске асырылуда. Өзара ынтымақтастықты нығайтуға өңірлердің мүмкіндігі зор. Әсіресе ауыл шаруашылығы, көлік, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық айтарлықтай әлеуетке ие. Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен инновациялық Алатау қаласы құрылды. Біз құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласы бойынша Ресей инвесторларын осы жобаға қатысуға шақырамыз, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Өз кезегінде Дмитрий Тураев екіжақты байланысты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар шетелдік делегация өкілдері ауыл шаруашылығы, агроинженерия саласындағы тәжірибелерін ортаға салып, өз өнімдерін Қазақстан нарығына саудалауға ниетті екендіктерін айтты.

Кездесуде өңіраралық ынтымақтастық және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Жүздесуде туризмді дамыту мен өзге де ортақ тарихи және мәдени құндылықтарға да ерекше назар аударылды.

02 апреля 2026
Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы байланыс нығаяды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Шэньси провинциясы партия комитетінің хатшысы Чжао Идэ мырзамен кездесті. Жүздесу барысында өнеркәсіп, инновациялық технологиялар, логистика, ауыл шаруашылығы және жоғары технологиялық өндіріс саласында ықпалдастық орнату жайы талқыланды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қос тарап бұған дейін 2023 жылы кездескен. Сол сапар барысында 20-дан астам іскерлік келісім жасалды. Алматы облысы мен Шэньси провинциясы арасындағы достық қарым-қатынас 2017 жылдан басталады. Өткен жылы 17 маусымда өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде кең ауқымды әрі мазмұнды жұмыстар атқарылды.

Марат Елеусізұлы өз сөзінде Сиань қаласы Қытайдағы тарихи әрі экономикалық маңызды орталық екенін атап өтті. Мұндай кездесулер достық және ынтымақтастықтың одан әрі артуына ықпал ететінін жеткізді.

«Биыл Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 34 жыл толды. Осы уақыт ішінде екі ел құрметке және стратегиялық әріптестікке негізделген үлгілі қарым-қатынас қалыптастырды.

Алматы облысы – Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Экономикалық өсім бойынша облыстар арасында 5-орында тұр. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, көлік инфрақұрылымы және туризм саласы белсенді дамып келеді.

Қытай Халық Республикасы – өңіріміздің негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Соңғы үш жыл ішінде өзара сауда көлемі тұрақты түрде 1 миллиард АҚШ долларынан асты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 миллиард 257 миллион АҚШ долларына жетті, – деген аймақ басшысы бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар жайына тоқталды.

Айтуынша, Шэньси провинциясы даму жолында жүйелі әрі сараланған тәсілді ұстанып отыр. Ірі халықаралық іс-шараларды ұйымдастыруда мол тәжірибеге ие. Достық байланыстың арқасында облыстың инвестициялық «Tehnograd» компаниясы Шэньсидің «Жібек жолы Юньто (Сиань)» технологиялық даму компаниясымен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндірудің толық циклін қалыптастыруда. Өткен жылы сәуір айында провинция студенттері өңірге келіп, білімін жетілдірген.

Марат Сұлтанғазиев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамуын ескере отырып, Қазақстанда робототехника, жасанды интеллект, мұнай-газ саласындағы машина жасау және компьютер инженериясы бағыттары бойынша шеберханалар ашуды ұсынды. Тіпті екі ел халқы бір-бірінің дәстүрі мен мәдениетін тереңірек тануы үшін Жол картасын әзірлеп, Мемлекеттік телеарналар мен медиаплатформалар арасындағы байланысты дамыту, тәжірибе алмасу және БАҚ саласында бірлескен медиажобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс айтылды.

Экспорт көлемін арттыру, сапа стандарттарына сай ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқы нарыққа шығару, жүгері және басқа да дәнді дақылдарды терең өңдеу саласында бірлескен жобаларды іске асыру мәселесі де талқыланды. Бұдан бөлек Алматы облысының студенттеріне Шэньси провинциясының жоғары оқу орындарына тегін білім гранттарын бөлу жайы да сөз болды.

Алдағы уақытта екі жақты ынтымақтастық одан әрі тереңдей түспек.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
01 апреля 2026
Сенімге негізделген серіктестік: Алматы облысы Қытайдың 24 компаниясымен келісімшарт жасады

Бүгін Қытайда Алматы облысы мен Шэньси өңірі арасындағы сауда-экономикалық форумы өтті. Келелі кеңесті ұйымдастыруға Сиань қаласындағы ҚР Бас консулдығы ұйытқы болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іскерлік форум барысында Марат Сұлтанғазиев бастаған Алматы облысының делегациясы мен қытайлық компаниялар 24 меморандумға қол қойды. Екі тарап жобаларды талқылап қана қоймай, өзара сенім мен құрметке негізделген, жаңашылдыққа бағытталған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, құрылыс, биотехнология, IT салалары бойынша құны 1 трлн теңгеден асатын бизнес жобалар тізбегі жасалды.

Марат Елеусізұлы «Қазақстан әрдайым әлемге, әріптестікке және инвестицияға ашық ел болып қала береді», – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сүйене отырып, бұл пікір саяси ұстаным ғана емес, стратегиялық таңдау екенін айтты.

«Қазіргі таңда біз аймаққа сенім білдіріп, маңызды жобаларды іске асыратын ірі халықаралық инвесторлармен ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Қытай – ең ірі сауда серіктесіміз, көршіміз және көп ғасырлық досымыз. Алматы облысы Қытай Халық Республикасымен тікелей шектеседі. Бұл сауда, логистика, өнеркәсіп және трансшекаралық жобалар үшін қолайлы. Сол себепті осы форумды өткізіп отырмыз. Бұл бірлескен бастамаларды көбейтіп, қытайлық компаниялардың өңірдегі жұмысын арттырады. Бүгін «Тоқтамай жүрсең, болашақ міндетті түрде жарқын болады» деген ежелгі Қытай халқының даналығы заманауи мәнге ие болып отыр. Біз бірге алға жылжимыз. Сондықтан екі елдің жарқын болашағына сенімдіміз», – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ Алматы облысы еліміздегі ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі болғандықтан инвесторлардың сенімі жоғары екенін жеткізді. Айтуынша, қазіргі уақытта жалпы құны 7,9 трлн теңге болатын (іске қосылған жобаларды есептемегенде) 259 инвестициялық жоба қолға алынған. Бұл бастамалар нәтижесінде 155 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. 73 жоба шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске асуда. Олардың жалпы құны – 4,5 трлн теңге. Ал жоспарланған жұмыс орындарының саны 65 мыңнан асады. Өңірде PepsiCo, KT&G сынды трансұлттық компаниялар табысты жұмыс істеп, заманауи өндіріс орындарын дамытуда.

Соңғы үш жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бүгінгі таңда облыста Қытай капиталының қатысуымен 143 кәсіпорын жұмыс істейді. Логистикадан бастап өнеркәсіп саласындағы ірі жобалар қолға алынған.

Облыс әкімі жаңадан салынатын Алатау қаласының құрылысына ерекше тоқталды. «Бұл жоба өңір дамуына серпін беріп, инновацияларды, заманауи қала құрылысы стандарттарын және өмір сүруге де, бизнес жүргізуге де қолайлы ортаға айналады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

«Инвестициялар – тек капитал ғана емес, сенім мен шынайы серіктестіктің көрінісі. Сондықтан Алматы облысында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар өңірдің әлеуетін көріп, көпжылдық жоспарын, тың жобаларын жүргізуде. Ұзақ мерзімді даму үшін инвестиция салуға дайын», – деген облыс әкімі компания өкілдерін бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Алдағы уақытта Алматы облысы мен ҚХР арасындағы ынтымақтастық нығайып, ауқымды инвестициялық жобалар жүзеге асырылады. Бұл өңірдің дамуына үлес қосып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы