Алматы облысының кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!

Алматы облысының кәсіпкерлік субъектілерінің назарына!

«Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы (орналасқан жері: Талдықорған қаласы, Абылайхан к-сі. 113 (әрі қарай – Қоғам) 2020 жылы аграрлық өнімді сатып алу және өткізу өндірісін қамтамасыз ету үшін 2020 жылдың 1 ұарашасына дейінгі мерзімде кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру арқылы «егістіктен сөреге дейін» кооперациялық тізбегін дамыту жөніндегі пилоттық жобасын келесі лоттар бойынша жүзеге асыратындығын хабарлайды:

№1-лот Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге бөлінген сома – 500 млн. теңге

Кәсіпкерлік субъектісі

Құм-шекер өндірушілері, қант қызылшасын өсірумен айналысатын АӨК субъектілеріне

Қарыз сомасы

500 млн теңгеге дейін

Қайтару мерзімі

2020 жылдың 1 қарашасы

Пайыздық мөлшерлеме

Жылдық 0,01%

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Кепілдер, Банктік кепілдемелер, ЕДБ-ғы (қазпоштадағы) банктік шоттардан, оның ішінде субсидия қаражатынан тікелей дебеттеу туралы келісім

Лотқа қатысуға арналған құжаттар тізімі

1.  Жобаға қатысуға өтінім.

2.  Банктік шоттан тікелей дебеттеуге келісім туралы өтініш.

3.  Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

4.  Бар несиелер және несие тарихы туралы ақпарат.

5.  ЕДБ-дан шоттың бар екені және қарыздық жоқ екені туралы анықтама.

6.  Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы қарыздың жоқ екені туралы ақпарат.

7.   Қант қызылшасы егістігінің ауыл шаруашылығы алқабының (суарылмалы жерлердің) бар екенін растайтын құжат, өндірістік инфрақұрылымның болуын растайтын құжат (егер қант өндіретін болса). 

8.      Қант қызылшасын қант зауытына сату туралы келісім

№2-лот Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге бөлінген сома:

Күріш өндірушілеріне – 30 млн. теңгеден артық емес.

Картоп өндірушілеріне – 6,8 млн. теңгеден артық емес.

Пияз өндірушілеріне – 3,5 млн. теңгеден артық емес.

Кәсіпкерлік субъектісі

Картоп, пияз, күріш өсірумен айналысатын АӨК субъектілері, күріш өндірушілері

Қарыз сомасы

Күріш, картоп және пияз өндірушілеріне агарлық өнім өндірісіне бөлінген лимит шегінде

Қайтару мерзімі

2020 жылдың 1 қарашасы

Пайыздық мөлшерлеме

Жылдық 0,01%

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Кепілдер, Банктік кепілдемелер, ЕДБ-ғы банктік шоттардан, оның ішінде субсидия қаражатынан тікелей дебеттеу туралы келісім

Лотқа қатысуға арналған құжаттар тізімі

1.  Жобаға қатысуға өтінім.

2.  Банктік шоттан тікелей дебеттеуге келісім туралы өтініш.

3.  Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

4.  Бар несиелер және несие тарихы туралы ақпарат.

5.  ЕДБ-дан шоттың бар екені және қарыздық жоқ екені туралы анықтама.

6.  Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы қарыздың жоқ екені туралы ақпарат.

7.      Көкөністер және/немесе күріш егістігінің ауыл шаруашылығы алқабының (суарылмалы жерлердің) бар екенін растайтын құжат, өндірістік инфрақұрылым (егер күріш өндірушісі болса)

№3-лот Кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіруге бөлінген сома:

Ұн өндірушілеріне – 208 млн. теңге

Сүт өнімін өндірушілерге (4 түр бойынша) – 187 млн. теңге

Тауық жұмыртқасын және тауық етін өндірушілерге – 64,7 млн. теңге

Кәсіпкерлік субъектісі

Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын (бірінші сұрыпты бидай ұнын, сүт өнімдерін, тауық етін, тауық жұмыртқасын) өндірушілер/қайта өңдеушілер

Қарыз сомасы

Ұн, сүт өнімдерінің және тауық жұмыртқасы мен тауық етін өндірушілерге аграрлық өнім өндірісіне бөлінген лимит шегінде

Қайтару мерзімі

2020 жылдың 1 қарашасы

Пайыздық мөлшерлеме

Жылдық 0,01%

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

Кепілдер, Банктік кепілдемелер, ЕДБ-ғы банктік шоттардан, оның ішінде субсидия қаражатынан тікелей дебеттеу туралы келісім

Лотқа қатысуға арналған құжаттар тізімі

1.Жобаға қатысуға өтінім.

2.Банктік шоттан тікелей дебеттеуге келісім туралы өтініш.

3.Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

4.Бар несиелер және несие тарихы туралы ақпарат.

5.ЕДБ-дан шоттың бар екені және қарыздық жоқ екені туралы анықтама.

6.Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы қарыздың жоқ екені туралы ақпарат.

7. Өндіріс инфрақұрылымының бар екенін растайтын құжат. 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі   2020 жылдың 26 тамызға дейін

Анықтам телефондары: 8 (7282) 32 94 97, 8 771 400 75 26