Жылына 6000 тоннадан астам кондитерлік өнім шығаратын Якар ЖШС 4,5 га алаңда қосымша өндіріс желісінің құрылысын бастайды.
Компания Орта Азияда карамель кәмпиттерін өндіру бойынша көшбасшы болып табылады. Айта кету керек, компания Ресейдің Ашан және Фикспрайс сияқты сауда орындарымен ынтымақтасады. Сонымен қатар, қытай мен Моңғолияда отандық өндірушінің карамельдері мен кәмпиттері өте танымал.
Кәсіпорында сертификатталған стандарттарға сәйкес келетін менеджмент жүйесі жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Алматы облысының Өңірлік даму орталығы тұрақты негізде осы инвестициялық жобаға қолдау көрсетіп отырады.