Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Разбеков Тамерлан Талғатұлы Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев таныстырды.

        

РАЗБЕКОВ Тамерлан Талгатович

1987 жылы 10 мамырда дүниеге келді. Қазақстан – Британ техникалық университетін (бакалавриат, Қазақстан), Карлтон университеті (магистратура (MA in Economics), Канада) экономика және басқару мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының бизнес құрылымдарынан бастаған. Әр жылдары Экономика және қаржы жөніндегі менеджер, директордың даму жөніндегі орынбасары, әр түрлі компанияларда өңірлік директор қызметтерін атқарды.

Тамерлан Разбеков Басқарма қызметімен жақсы таныс, еңбек жолын 2014 жылдың мамыр айында бас маман, ал кейіннен инвестициялық және инновациялық даму бөлімінің басшысы ретінде бастаған, басқарма басшысының орынбасары болып шағын орта бизнесті дамыту және сауда бөлімдерінің жұмысына жетекшілік етті. 2019 жылдың басынан бастап «Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы» ЖШС–ның еншілес басқару құрылымын басқарды. Жақсы қызмет тізімі бар, өзін оң жағынан жауапты, сауатты және бастамашы маман ретінде көрсетті.

«Басқарма маңызды жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға жауапты, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі ұстанымдардың бірін қамтамасыз етеді. Жұмысты жалғастыру және жаңа шыңдарға қол жеткізу қажет. Жұмыста табыс тілеймін», - деді Серік Тұрдалиев.

Өз кезегінде Тамерлан Разбеков Алматы облысының басшылығына сенім білдіргені үшін алғысын білдірді.

Хроника

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қожасбаев Руслан Садуақасұлы «Жетісу «ӘКК» ӨДИ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.