Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

Құрметті Алматы облысының кәсіпкерлері!

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы бағаларды тежеу және Алматы облысы тұрақтандыру қорының  әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын халыққа қол жетімді болуын қамтамасыз ету  мақсатында, азық-түлік тауарларын бөлшекті сататын сауда субъектілерін әріптестікке шақырады.

Тұрақтандыру қорынан тауарлар сату үшжақты агенттік келісімдер негізінде жүргізіледі.

Әріптестік шарттары бойынша 8 777 156 15 39 телефоны арқылы Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің менеджері Турысбеков Жандосқа хабарласуға немесе Қонаев қаласы, 2 шағын аудан 37А ғимараты жүгінуне болады.

Сонымен қатар, Қонаев қаласының келесі дүкендерінде әлеуметтік бөлімдер жұмыс істейтінін хабарлаймыз:

1) «№1 Әлеуметтік дүкен» сауда павильоны, «Айша Сити» базарының жанында;

2) «Аян» дүкені, 4 шағын ауданы, №4 ғимарат;

3) «Хан Тенгри» дүкені, 5 шағын аудан, №16 ғимарат;

4) «Азамат» дүкені, Жамбыл даңғылы №9А ғимарат;

5) «Продукты» дүкені, 2 шағын ауданы, №3А үйінің жанында;

6) «Сымбат» дүкені, 19 шағын ауданы, №1 ғимарат;

7) «Мадина» дүкені, 1 шағын аудан, №39/1 ғимарат;

8) «Чайка» дүкені, Жамбыл даңғылы №14/1 ғимарат.

Алматы облысының тұрақтандыру қорының тауарлары «Қонаев» ӘКК» АҚ