«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның көшпелі жиналыстары өткізілді

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ның  көшпелі жиналыстары өткізілді

«Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Алматы облысының аудан және қалаларымен бірлесіп, 2023 жылдың 18-21 шілде аралығында әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін түсіндіру бойынша көшпелі жиналыстар өткізді.

Жиналысқа әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын өндірушілер мен көкөніс қоймаларының басшылары, әлеуметтік бұрыштарды/павильондарды ашуға дайын сауда нысандары, сондай-ақ жергілікті «Атамекен» ҰКП-ы мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Жиналыста «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Мұқашева Диана, менеджерлер Қыдырғали Олжас пен Тұрысбеков Жандостың қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерінің негізгі шарттары мен талаптары түсіндірілді.

Кәсіпкерлерге Алматы облысы тұрақтандыру қорының жұмысы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тауарлық интервенцияның жүзеге асырылуы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік азық-түлік тауарларын белгіленген бағамен сатуға арналған әлеуметтік дүкендер мен павильондар ашу бойынша бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру туралы айтылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіру және өткізу үшін кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру туралы ақпарат берілді.

Кәсіпкерлер тарапынан туындаған сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.