
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ
«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН КЕҢІНЕН
НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және
«Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «ҚР ҚОҒАМ
ҚАЙРАТКЕРІ» атты республикалық патриоттық байқауына барлық сала өкілдерін
қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты
Қазақстан халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі
ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің
маңыздылығын қоғамға дәріптеу. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас
шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен
насихаттау, жастарға үлгі ету.
Республикалық байқау қатысушылары:
Қазақстан Республикасының еңбек нарығында кемі 15-20 жыл еңбек өтілі бар,
ұжымында белсенді, абыройлы, өзінің парасаттылығымен жас буынға үлгі өнеге
көрсетіп жүрген тұлғалар.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы
жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын (14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта
жазылған) жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын
құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.) қоса
тіркелуі тиіс.
Өмірбаянмен бірге энциклопедияға жариялау үшін сапалы фотосуреттер барлығы бір электронды папкада жинақталуы қажет. Құжаттар
elorda_01@mail.ru электронды почтасына 2023 жылдың шілде айының 30-на
дейін қабылданады.
Байқау жеңімпаздары «Жаңа Қазақстан» Республикалық қоғамдық
бірлестігінің атынан:
• «ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ» ордені,
• «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ»
энциклопедиясы
• Куәлік
• Құрмет грамотасымен марапатталады.
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласы, Министрліктер үйінде
конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық энциклопедияға
енгізілген тұлғалар шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп
алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге
белгілі тұлғалардың қолынан энциклопедия мен төсбелгі табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: elorda_01@mail.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 8702-383-41-56, 8778-742-74-40, 8-71-72-44-34-50
«Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері» республикалық патриоттық конкурсын өткізу қағидалары
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВТЫҢ
«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ
ЖОЛДАУЫН ҚОҒАМҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ МАҚСАТЫНДА
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ӨТКІЗУ
ЕРЕЖЕСІ
«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және
«Жаңа Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтетін «ЖАҢА
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты республикалық патриоттық
байқауына кәсіпкерлерді қатысуға шақырамыз!
Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан
халқына жолдауын кеңінен насихаттау. Тәуелсіздік жылдары еліміздің саяси және
экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді қоғамда кеңінен
насихаттау, жастарға үлгі ету.
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА КӘСІПКЕРЛЕРДІ
ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.
Байқаудың шарттары:
Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш
кестесін толтырып және өзі жайлы жазылған 2 беттен артық емес өмірбаянын
(Word форматында, 14 кегл, Times New Roman, 3-ші жақта жазылған), сондай-ақ
өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін (мыс.: алынған
алғыс хат, сертификат, куәлік және т.б.), ¾ жеке фото-суретін және жұмыс
барысындағы 4-5 дана жалпы фото-суреттерін astana-100k@mail.ru электронды
почтасына 2023 жылдың шілде айының 30-на дейін жіберу қажет.
Байқау қатысушыларына:
• Арнайы тағайындалған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК
КӘСІПКЕРІ» атты ордені;
• Төсбелгіні куәлендіретін Куәлік;
• Құрмет грамотасы;
• «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты
энциклопедиясына жеңімпаздардың өмірбаяндары енгізіледі;
• «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК КӘСІПКЕРІ» атты статуэтка;
Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде
өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға
жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың
қолынан арнайы марапаттар мен орден табыс етіледі.
Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/
Электронды почта: astana-100k@mail.ru
Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety
Ұйымдастыру алқасы: 8 702-383-41-56, 8778-742-74-40,
8 747 702 52 62, 8-71-72-44-34-50
«Жаңа Қазақстанның үздік 100 кәсіпкері» республикалық патриоттық конкурсын өткізу қағидалары