Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Ашық конкурс

арқылы әлеуметтік павильондарды ұйымдастыру бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен бірлескен қызметі туралы хабарландыру

 

«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) 1 (бір) жыл мерзімге Қоғамның жер учаскесінде әлеуметтік павильонды (стационарлық емес сауда нысаныy) ұйымдастыруға келесі шарттар негізінде конкурс жариялайды:

1. Кәсіпкерлік субъектісі конкурс қорытындысы бойынша екі ай мерзімде «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен ұсынылған жоба бойынша стационарлық емес сауда объектісін – әлеуметтік павильонды дайындауды және орнатуды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді;

2. Кәсіпкерлік субъектісі өз қаражаты есебінен жер учаскесін және павильонды күтіп ұстауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік павильонның сауда қызметін жүзеге асырады;

3. Кәсіпкерлік субъектісі жер учаскесін және павильонды пайдалануға байланысты барлық шығындарды өтейді, оның ішінде: жер салығы, коммуналдық қызметтер және т.б.;

4. Кәсіпкерлік субъектісінің экономикалық қызмет түрі – бөлшек сауданың болуы;

5. Кәсіпкерлік субъектісі «Қонаев» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын «Қонаев» ӘКК» АҚ-мен бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес ҚҚС қоса алғанда, сауда үстемеақысының 10 %-дан аспайтын белгіленген бағамен өткізеді;

6. Кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілермен өз тарапынан шарт жасайды және оларды өндіруші бағалары бойынша ҚҚС-пен 15%-дан аспайтын сауда үстемесін ескере отырып сатады;

7. Кәсіпкерлік субъектісіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қоспағанда, басқа да азық-түлік тауарларын еркін бөлшек сауда бағасымен саудалауға рұқсат етіледі;

8. Ашық конкурсты өткізудің қалған шарттары мен рәсімдері «Қонаев» ӘКК» АҚ-ы Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 09 желтоқсандағы № 3 шешімімен бекітілген «Қонаев» ӘКК» АҚ-ның жобаларын қарау, іріктеу және бекіту қағидаларын басшылыққа алады;

9. Ашық конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі - жарияланған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішіінде.

 

Конкурсқа қатысуға өтінімдер: Алматы облысы, Қонаев қаласы, 2 шағын аудан, №38 ғимарат мекен-жайы бойынша қабылданады.

Байланыстағы тұлға – Жандос Турысбеков, +7 777 156 15 39.