
«Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларын тежеу мақсатында Алматы облысының көкөніс өнімдерін өндіретін және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілерін жеңілдікпен несиелендіруге өтінім қабылдауын жалғастыруда.
Несие сомасы: 5 млн. теңге және одан жоғары
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 0,01%
Кепілдемелік қамтамасыз ету: 100%
Бағаларды тұрақтандыру кезеңі: 2024 жылдың қаңтар - 2024 жылдың маусым айлары
Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіретін және өткізетін өндірушілер мен сауда объектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағаларының өсуін тежеу мақсатында қарыз берудің негізгі талаптары:
1. Қарыз кәсіпкерлік субъектілеріне мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылық талаптарымен ақша қаражаты түрінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (әрі қарай – ӘМАТ) бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссиямен (әрі қарай – Комиссия) анықталатын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес ӘМАТ бағаларын тұрақтандыруға беріледі.
2. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін Комиссия кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықтайды.
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне ӘМАТ-ты өткізуді Комиссия шешімінің негізінде, ӘМАТ-қа белгіленген бөлшек/көтерме сауда бағаларынан жоғары емес бағада қарыз шартының әрекет ету мерзімі ішінде жүргізеді.
4. Кәсіпкерлік субъектісі қарыз алуға өтінімін «Қонаев» ӘКК» АҚ-ға Алматы облысының аудандары мен қалалары әкімдерінің және/немесе кәсіпкерлік субъектісінің жазбаша жүгінуі негізінде ұсынылады және Комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес анықталады.
5. Қарыз мерзімі Комиссия шешімі бойынша шарттың қолданылу мерзімін жаңа мерзімге ұзарту мүмкіндігімен, жылдық 0,01% сыйақы мөлшерлемесімен, шарттың қолданылу мерзімінің соңында негізгі қарыз және/немесе сыйақы бойынша ақы төлеу кезеңімен шарт жасалған сәттен бастап 12 айға дейінгі қарыз шартында бірыңғай төлеммен немесе тараптардың келісімі бойынша айқындалады, міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету банк кепілдігі, кепіл, сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдігі/кепілгерлігі түрінде ұсынылады.
6. Қарыз мерзімі кешіктірілген берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.
7. Қарыз ұлттық валютада беріледі.
Байланысу деректері: азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Олжас Қыдырғали 8 705 305 60 78