
2023 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. А. Смайылов Астанадағы өңдеу өнеркәсібінің халықаралық көрмесіне барды.
Көрме барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә. А. Смайылов Алматы облысының стендіне барып, «Almaty Turmystyq Tehnika Zavody» ЖШС қызметімен танысты. Бас директор Сойырқас Әбілқасым үкімет басшысын тұрмыстық электр және газ плиталарын өндірумен таныстырды. Сондай-ақ, компания тоңазытқыштар мен ыдыс жуғыш машиналарды шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрі компанияның одан әрі қызметіне сәттілік тіледі.