Облыстың бизнес-қоғамдастығы үшін «Ашық есік күні»

Облыстың бизнес-қоғамдастығы үшін «Ашық есік күні»

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп Алматы облысының түзеу мекемелерінде облыстың бизнес-қоғамдастығы үшін «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Аталған іс-шараға 25-ке жуық кәсіпкер қатысты. Аталған іс-шара барысында кәсіпкерлер түзеу мекемелерінің қызметімен, бос тұрған өндірістік үй-жайлармен танысты, облыс мекемелерінің өндіретін өнімдерінің көрмесі көрсетілді.
Оның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өткізілді, онда кәсіпкерлер осы мекемелерде бизнес ашуға қатысты сұрақтар қойды.