Кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша кеңес өткізу туралы ақпарат

Кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша кеңес өткізу туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 19-20 мамыр күндері «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ Алматы облысы Талғар қаласында "Qazindustry" АҚ, "Qaztrade" даму институттарының, Орталық Азиядағы сауда бойынша USAID өңірлік сауданы дамыту жобасын дамыту мен Еуропалық Қайта Құру және даму банкі өкілдерімен бірлесіп, облыс кәсіпорындарымен, аудандардың кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдерімен мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша семинар-кеңес өткізді.

Кеңес барысында кәсіпкерлер бағдарламаның лизингтік қаржыландыру, кешенді жоспарды әзірлеуге жұмсалған шығындарды өтеу, республикада да, шетелде де кадрларды даярлау/қайта даярлау сияқты құралдарымен танысты. Бүгінде кәсіпорындардың шамамен 70%-ы шетелден мамандар шақырады, мұндай шығындар бойынша да өтем алуға болады.

Сондай-ақ, «Qazindustry» АҚ тарапынан кәсіпорын қызметкерлерін оқытуға (оның ішінде шетелде) жұмсалған шығындарды өтеу, ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру алу, технологиялық және энергия аудитін жүргізу, IT, өнеркәсіптік дизайн, монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары, жабдыққа техникалық қызмет көрсету, өнеркәсіптік сынақтар саласындағы консалтинг бөлігінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша пәндік консультациялар өткізілді; «Qaztrade» АҚ тарапынан - сервистік қолдау көрсету, Е-алаңдарға шығару, шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мақсатындағы шығындарды өтеу бөлігінде.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған даму институттарының өкілдері облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады.

Нысандарды аралау:

Талғар ауданы:

  1. «Clotwell» ЖШС (киім тігу);
  2. «Plast Com» ЖШС (пластиктен жасалған бұйымдар өндіру);
  3. «Мимиорики» ЖШС (киім тігу);
  4. «Куаныш» ЖК (ағаштан жасалған бұйымдар өндіру).

Қарасай ауданы:

  1. «Алматы тұрмыстық техника» (тұрмыстық техниканы құрастыру).

Іле ауданы: 

  1. «Galanz Bottlers» АҚ (сусындар өндірісі);
  2. «ЗСТ Қазақстан» ЖШС (шыны-пластик құбырлар өндірісі);
  3. «Dolce» ЖШС (производство медицинских изделий);
  4. «Pure-Pack» ЖШС (сусындар өндірісі).