Алматы облысы еліміз үшін құрылыс материалдарының негізгі жеткізушісі бола алады

Алматы облысы еліміз үшін құрылыс материалдарының негізгі жеткізушісі бола алады

Алматы облысында құрылыс материалдарының 70-тен астам түрі өндіріледі, бұл ел үшін негізгі жеткізуші болуға мүмкіндік береді. Бұл ретте полиэтилен пленкаларын, табақтарды, плиталар мен жолақтарды өндіру үшін жоғары әлеует бар. Бұл туралы бүгін Талдықорғанда өткен облыс әкімі Қанат Бозымбаевтың брифингінде белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өндіріс 2 есе ұлғайған кезде импорттың 70%-ын жабу мүмкіндігі бар. Ол үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуатын 60%-ға дейін арттыру жоспарлануда, бұл қосымша 270 жұмыс орнын ашады. Жиынтық қуаты 5,5 мың тонна және 275 тұрақты жұмыс орнын құрумен полиэтилен пленкаларын шығаратын 5-тен астам жаңа зауыт салынады. Нәтижесінде 550 тұрақты жұмыс орны құрылып, жылына 22 мың тонна өнім өндірілетін болады.