
«Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2-ден 5 млн. теңгеге дейін мемлекеттік грант беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысып, 2021 жылғы 5-16 желтоқсан аралығында өткен конкурстық іріктеу қорытындылары бойынша хаттамалық шешіммен мемлекеттік гранттар беруді мақұлдаған кәсіпкерлерге!!!! 516,5 млн. теңге сомасына 155 жоба мақұлданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес қаражат жеке кәсіпкердің жеке шотына жіберіледі. Бюджет 170,5 млн. теңгені құрайды.
Қазіргі уақытта «Даму «КДҚ» АҚ қаржы агенті грант беру үшін үш жақты шарттарға қол қойды. Осыған байланысты, Сізге Qoldau.kz порталы арқылы қаражаты бойынша қажет траншты беруге өтінім қалыптастыру қажет.
Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі траншқа келіп түскен өтінімдер бойынша қаражатты, сіз траншқа жіберген өтінімдер бойынша кезекке сәйкес, Сіздің дербес шотыңызға жіберетін болады.
Сіздің өтінімдеріңізді төлеу үшін қаражат жеткіліксіз жобалар бойынша Қағидалардың 34-тармағына сәйкес 9 ай ішінде қаржыландырылатын болады.