Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясын талқылау

Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясын талқылау

2021 жылғы 12 қазанда Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының (бұдан әрі - Орталық) Талдықорған қаласындағы кеңсесінде Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясын талқылау бойынша Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, «QazTrade» АҚ және Орталық, Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, осы кеңестің Zoom платформасында Алматы облысының аудандық әкімдіктерімен және кәсіпорындарымен онлайн конференция ұйымдастырылды.

Кездесуде «QazTrade» АҚ Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясын таныстырды. Алматы облысының өңірлік экспорттық стратегиясы өңірде экспорттық қызметті дамыту жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды қамтиды.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған стратегияны жасау үшін Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы «QazTrade» АҚ өкілдері қатысқан «Sintez-KZ медициналық холдингі» ЖШС, «Прио» ЖШС, «Green Land Alatau» ЖШС және «Тағам Су» ЖШС-мен кездесулер ұйымдастыруға көмек көрсетті. Сонымен қатар, «QazTrade» АҚ-мен бірлесіп онлайн форматта 9 кездесу өткізіліп, оған Алматы облысының 16 кәсіпорнының өкілдері қатысты. Аталған кездесулер аясында экспорттық қызметтегі әкімшілік кедергілерді азайту, Алматы облысының ағымдағы және әлеуетті экспортын ынталандыру және қолдау шараларын жақсарту мәселелері талқыланды.