Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырысы өткізілді: күнбағыс майы мен I санаттағы жұмыртқаға.
Өндіруші зауыттың сату бағасының қымбаттауына және көлік шығыстарының ұлғаюына байланысты (өсімдік майы басқа өңірлерден әкелінеді), комиссия өсімдік майының бөлшек сауда бағасын - литріне 620 теңге, I санаттағы жұмыртқалар - құс тұмауының өршуі, құс басының қысқаруы, маусымдылық және құс азығы құнының артуы себебінен 1 ондыққа - 410 теңге ұсынды.