
Алматы облысы өңірлік даму орталығы өкілдері Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында ауданда орналасқан бірнеше нысандар қарастырылды. Олардың ішінде:
Алматы облысында цемент өндіру желісін жаңарту және қайта құру «Алаз Строй» ЖШС;
«Қазбек бек» Индустриялық аймағы.
Сапар барысында жасалынған жұмысқа қысқаша шолу мен алдағы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2025» щеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылды. Еске салатын болсақ, «Алаз Строй» ЖШС жобасы саз және әктас кен орындары негізінде Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Таңбалытас ауылында цемент өндірісінің қолданыстағы желісін жаңғыртуды және қайта құруды көздейді. Еуропалық технология бойынша жаңа инновациялық әдістерді (цемент өндірудің құрғақ әдісі) енгізу экологиялық қауіпсіздікті жақсартады және энергияны тұтынуды азайтады.