«Қорғас-Шығыс қақпасы» мен индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері қаралды

«Қорғас-Шығыс қақпасы» мен индустриялық аймақтарды дамыту мәселелері қаралды

АОӨДО кеңсесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Турдалиев С.М. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» АҚ басқарма төрағасы М.А.Баймұханбетовпен кездесу өткізді, онда Алматы облысының «ҚШҚ АЭА» және Индустриялдық аймақтарды дамыту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Баймұханбетов М.А. инвестициялық жобаларды дамытудың қазіргі жағдайы туралы баяндап, 2021 жылға арналған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Еске салатын болсақ, ағымдағы жылы «ҚШҚ АЭА»-да 4 инвестициялық жоба пайдалануға берілді, 5 жаңа қатысушы тіркелді. 2021 жылы Малайзиядан келген инвестор Алматы облысының Панфилов ауданында «АЭА жүк-жолаушылар әуежайының құрылысы» жобасы аясында жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.