Алматы қаласынан Талғар қаласына дейін жүрдек трамвай салу жобасы талқыланды

Алматы қаласынан Талғар қаласына дейін жүрдек трамвай салу жобасы талқыланды

2020 жылдың 4 желтоқсанында АОӨДО кеңсесінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Тұяқов Ж.Ш. «Алматы қаласынан Талғар қаласына дейін жүрдек трамвай салу» жобасына қатысты «Макйол» түрік компаниясының аймақтық менеджері Иса Акбулут мырзамен кездесті. Кездесу барысында Алматы агломерациясы шеңберінде ЖРК-ті іске асыру жобалары талқыланды.
⠀
«Макйол» компаниясы 1965 жылы құрылған және бүгінгі таңда инфрақұрылым және жол құрылысы саласындағы жетекші түрік мердігер компанияларының бірі. Сонымен қатар компания құны 800 млн. АҚШ долларын құрайтын Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын салудың концессиялық жобасына қатысуда.