Ресейлік инвесторлар Алматы облысында энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын екі зауыт салуды жоспарлауда

Ресейлік инвесторлар Алматы облысында энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын екі зауыт салуды жоспарлауда

«ТехноНИКОЛЬ» трансұлттық корпорациясы (Ресей Федерациясы) Алматы облысында энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын екі заманауи зауыт салуды жоспарлап отыр.

Салынатын инвестиция көлемі шамамен 30 миллиард теңге. Атаулы жобаларды жүзеге асыратын орын ретінде Талғар облысында орналасқан «Қайрат» индустриалды аймағы таңдалды. Зауыттардың жобалық қуаттылығы жылына 240 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 1,7 млн м3 дайын өнімді құрайды.

Сондай-ақ, фабрикалар базасында жылына 1000 адамға дейін оқытатын оқу орталығын құру жоспарлануда.«ТехноНИКОЛЬ» корпорациясы әлемнің 18 елінде 54 фабрикасы мен 22 өкілдігі бар, құрылыс материалдарын, атап айтқанда, гидрооқшаулағыш және жылу оқшаулағыш материалдарды шығаратын жетекші халықаралық өндірушілердің бірі екенін атап өткен жөн. Корпорация өнімі 110-нан астам елге жеткізіледі.