Жылына 3,7 миллион: «Қайнар–АКБ» жаңа өндірістік желісін іске қосты

Жылына 3,7 миллион:  «Қайнар–АКБ» жаңа өндірістік желісін іске қосты

Алматы облысында «Қайнар­–АКБ» ірі қазақстандық аккумулятор зауыты жасыл технологияларды қолдана отырып, аккумулятор батареяларын шығаратын жаңа өндірістік желіні іске қосты. Жоба «Қайнар–АКБ» ЖШС және «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.

Іске қосылған озық технология өз өнімдерін өндіруде ескі автомобиль батареяларын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді. Аккумуляторлар корпустарының жаңа үлгілерінде толығымен қайталама шикізаттан жасалып, «ИНЖИТЕК» итальяндық өндірісінің жаңа заманауи желісінде қайта өңделеді, электролитті өндірістік тазарту құрылғысының көмегімен толық бейтараптандырады.

Жаңа технологиялық желі жергілікті тазарту сүзгілерімен жабдықталған. Сол себепті  қоршаған ортаға жағымсыз әсерді азайтуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның бас директоры Серікбай Әжмағанбетовтың айтуынша, жаңа желінің іске қосылуының арқасында өндірістік қуаттылық арта түседі.

«Бүгін біз аккумуляторларды шығаратын жаңа желіні іске қостық. Бүгінгі таңда аккумуляторлар өндірісінің көлемі 2,5 млн дананы құрайды. Осы желінің көмегімен біз өндірісті жылына 3,7 млн данаға дейін ұлғайтамыз. Өндірістің басты ерекшелігін айтатын болсақ, барлық үрдістер автоматтандырылған, адамның қатысуы барынша азайтылған», - деп атап өтті Серікбай Әжмағанбетов.

«Қайнар–АКБ» ЖШС сынды ең ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірін жаңғырту ӨКМ Операторының қаржылық қолдауымен пайдаланылған аккумуляторларды жинау, қайта өңдеу және қайта жарату үшін өтемақы төлемдерін алу жолымен мүмкін болды. Осының аясында 2016-2020 жылдар аралығында зауытқа 4 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

«Келесі жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Экологиялық кодекс енгізілетін болады. Онда ең үздік жасыл технологияларды қолдану бойынша жоғары талаптар қарастырылады. Көп жылдық тарихы бар, экспортқа бағдарланған «Қайнар–АКБ» сияқты кәсіпорынның осы технологияларды алғашқылардың бірі болып қолданғанына қуаныштымыз. Осылайша шығындар оңтайландырылады, ластану азайып, қоршаған ортаны қорғау қамтамасыз етіледі», - деді «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров.

Айта кетсек, аккумуляторлық батареялардың отандық тауар өндірушісі «Қайнар–АКБ» ЖШС өз өнімін ТМД, Еуропа елдеріне және ҚХР-ға жеткізеді. Ағымдағы жылы зауыт өндірілген өнімді өткізу географиясын кеңейтіп, БАӘ мен Италия нарығына шықты. Бүгінде кәсіпорында 1200 адам еңбек етеді.