
"Бизнестің жол картасы - 2025" бағдарламасының "Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау" бірінші бағыты аясында "Даму" Қоры "Имамниязова" ЖК жобасын қолдады.
Компания Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында азық-түлік, сусындар сатады. "Имамниязова" ЖК "Әлеуметтік көмек" дүкенін ашуды жоспарлап отыр.
"Қазақстан Халық банкі" АҚ кәсіпкерге 17,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша айналым қаражатын толықтыруға 5 млн теңге көлемінде несие желісін ашты. Бұл ретте кредиттік желі сомасының 85% мөлшерінде "Даму" Қоры ағымдағы жылдын 05 қазанда шығарған портфельдік кепілдігі кредиттік желі бойынша кепілмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ портфельдік субсидиялау арқасында компания кредит бойынша мөлшерлемені 6% - ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 30 шілдесінен бастап Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша сыйақы мөлшерлемесін портфельдік субсидиялау және банктердің кредиттері мен микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері бойынша кепілдік беру түрінде қаржылық қолдау көрсетіледі.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері инвестициялар мен айналым қаражатын толықтыруға салалық шектеулерсіз 20 млн теңгеден аспайтын сомада кредиттер ала алады. Субсидиялауды ескере отырып, кәсіпкерлер үшін сыйақы мөлшерлемесі 6% құрайды. Кәсіпкерлер алған кредиттер бойынша кепіл ретінде кредит сомасының 85% мөлшерінде "Даму" Қорының кепілдігін пайдалана алады. Бұл ретте Қор кепілдік міндеттемені бір күн ішінде шығарады.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облысы бойынша өңірлік филиалы