
Өз қызметін АӨК - де өндіру және қайта өңдеу, сондай – ақ, өңдеуші өнеркәсіп пен қызметтер саласында жүзеге асыратын кәсіпкерлер басым жобаларды несиелеу Механизмі бойынша немесе "Қарапайым заттар экономикасын" - бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ҚЗЭ бағдарламасы) аясында кредит ала алады, оның шеңберінде кәсіпкерлер инвестицияларға және/немесе айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі-ЕДБ) кредит ала алады (*кредиттін сомасының 50% - ынан аспайды), бұл ретте кредит сомасы шектелмейді.
ЕДБ кредиттерді жылдық 15% - ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша береді, оның ішінде жылдық 9% - ға дейін мемлекет субсидиялайды, осылайша кәсіпкерлер кредит бойынша жылдық 6% - ды төлейді. Инвестициялық кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі-10 жыл, айналым қаражатын толықтыруға - 3 жыл.
Сондай – ақ, кәсіпкерде несие бойынша кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, "Даму "кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - "Даму" Қоры) несиенің барлық мерзіміне өз кепілдігін беруге дайын. Бір жоба шеңберіндегі кепілдік мөлшері: 3 млрд.теңгеге дейін кредиттер бойынша кредит сомасының 50% - на дейін, ал 3 млрд. теңгеден 5 млрд. теңгеге дейін кредиттер бойынша 30% - ға дейін құрайды.
"Даму" Қорының Алматы облысы бойынша өңірлік филиалының директоры Тимур Екеевтің айтуынша, 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша ҚЗЭ бағдарламасы шеңберінде өңірде субсидиялау бойынша - жалпы сомасы 9,7 млрд.теңгеге 25 жоба мақұлданды, кепілдік беру бойынша - жалпы сомасы 281,26 млн. теңгеге 4 жоба мақұлданды, олар бойынша "Даму" қорының жалпы сомасы 102,6 млн. теңгеге кепілдіктері шығарылды.
Субсидиялау және кепілдендіру құралдарын "Даму" Қоры "Бизнестің жол картасы – 2025"мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынады. Бұл ретте "Даму" Қоры тарапынан кредиттерді субсидиялау онлайн режимде Электрондық үкімет (E-gov) және online.damu.kz платформалары арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, "Даму" Қорының қызметкерлері кәсіпкерлерге ЕДБ-де қаржыландыру алу үшін құжаттар жинаудан бастап, олардың жобаларын ЕДБ-де сүйемелдеуде қолдау көрсетеді.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев көшесі, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан "Даму" Қорының Аймақтық филиалына немесе 8-7282-55-87-10; 8-7282-55-87-11 телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.
*Бұл шектеу ЕДБ мен АНК өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан АӨК-де өндіру жөніндегі көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды.
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Алматы облысы бойынша өңірлік филиалы