Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру келесі механизмдерді қолдана отырып іске асады:
1) Тұрақтандыру қорын қалыптастыру;
2) Кәсіпкерлік субъектілеріне 0,01% жеңілдетілген қарыздар беру.
I-механизм. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген 958,0 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатына 7 атаудан тұратын 2 431 тонна бакалея өнімі көлемінде Алматы облысының тұрақтандыру қоры құрылды:
- 1 767 тонна қант;
- 158 тонна ұн;
- 68 тонна күріш;
- 68 тонна қарақұмық;
- 20 тонна рожки;
- 330 тонна өсімдік майы;
- 20 тонна тұз.
Тұрақтандыру қорының өнімдері Қонаев қаласы және Заречный ауылдық округінде орналасқан «Қонаев» ӘКК» АҚ жалға алынған қоймасында сақталуда.
2024 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша қоймадағы қор 166,6 тоннаны құрайды (147,2 тонна қант, 3,3 тонна ұн, 4,5 тонна күріш, 0,6 тонна рожки, 3,2 тонна өсімдік майы, 7,8 тонна тұз). Қалған көлемі қажеттілік бойынша өндірушілерден алынады.
Тұрақтандыру қорының өнімдерін сату бойынша Қонаев қаласы мен облыс аудандарында кәсіпкерлік субъектілерімен 42 агенттік келісім жасалды (Қонаев - 25, Қарасай - 3, Талғар - 2, Еңбекшіқазақ - 3, Іле - 6, Райымбек - 2, Кеген - 1), сонымен қатар апта сайын Қонаев қаласында сенбі күнгі өтетін жәрмеңкеде сатылады.
Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорының 196,3 тонна көлемде өнім сатылды.
II-механизм. Кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті қарыздар беру.
ӘМАТ бағасын ұстап тұру мақсатында жеңілдетілген кредит беруге 4,97 млрд. теңге қаражат бөлінді (кредит мерзімі – 12 ай, жылдық 0,01%-бен, ӘМАТ көлемін келісім шартта бекітілген бағамен өндіріп, сатуға міндеттеледі).
2023-2024 жылдары 9 748 тонна ӘМАТ, 12 млн. жұмыртқа өндіруге және сатуға 14 кәсіпкерлік субъектілері 2,7 млрд. теңгемен қаржыландырылды.
Ағымдағы күнге өндірушілерде келісім-шарт жасалған тауардың қалдығы 3179,1 тоннаны құрайды, оның ішінде 2024 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде сату үшін 1590 тонна көкөніс.
Әлеуметтік нанның бағасын тұрақтандыру аясында «Боролдай-нан» ЖШС-мен Қонаев қаласының дүкендеріне 133 тг/бөлке әлеуметтік нан жеткізу туралы келісім жасалды. Бұдан басқа, облыстың наубайханаларында өндірушілер «айналым схемасы» бойынша бірінші сұрыпты ұнды белгіленген бағамен 150 тг/кг аспайтын бағамен сатады.
Осылайша, тұрақтандыру қорының тетіктерімен ӘМАТ-тың барлық 19 түрі қамтылған. Тұрақтандыру қорының қорлары нарықтағы бағаның өсуі кезінде бағаны жергілікті тұрғыда ұстап тұруға мүмкіндік береді.
ӘМАТ бағаларын тұрақтандыру тетіктерінің тиімділігін арттыру үшін меншікті тауар өткізу жүйесін құру және дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бірлескен қызмет туралы шарт аясында Қонаев қаласында «№ 1 әлеуметтік дүкен» атты 2 әлеуметтік павильон жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта Қонаев қаласында 3 әлеуметтік павильон салу жобасы қаралуда, қалған 2 учаскеге павильон орнату бойынша ашық конкурс қайта жарияланды. Бұл шаралар сауда жүйесінде бәсекелестік ортаны құруға және халыққа қолжетімді бағамен сапалы ӘМАТ ұсынуға мүмкіндік береді.