«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы №487 қаулысына (Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 7 қарашада № 5295 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерідің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
2-тармақ 7-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сатып алу интервенциялары - Алматы облысының аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 2-тармақ 9-тармақшасымен толықтырылсын:
«9) шекті сауда үстемесі - ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.»;
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін жұмыс органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1. тармақшасымен толықтырылсын:
«7-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге жұмыс органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.»;
мынадай мазмұндағы 10-1. тармақшасымен толықтырылсын:
«10-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Алматы облысының жергілікті атқарушы органы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) осы Қағиадаларымен айқындалады.
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының қағидасына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес Алматы облысының Статистика департаменті қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) сатып алынады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Алматы облысының жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне келесі қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды:
1. кәсіпкерлік субъектілері меншік немесе жалға алу құқығы, өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымды тұратын қойма ғимараттары және басқа да үй-жайларын арнайы жабдықпен арналған тиісті өндіріс және азық-түлік тауарларын сақтауға, сондай-ақ сатып алу және өзге де операцияларды орындау мақсатында азық-түлік тауарларының мүмкіндік беретін және қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын бағасын ұстап тұру;
2. кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарастыру сәтінде банкротқа және жоюлуына сатысында болмауы тиіс;
3. кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарастыру сәтінде жозықсық қатысушылар тізілімінде болмауы тиіс;
41, 42 және 43 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.
42. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалған қарыз шартында белгіленеді.
Қарыз беру қарыз шартын жасау жолымен мерзімділік, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу, ақылылығы және ақылылық шарттарымен жүзеге асырылады.
43. Алматы облысының жергілікті атқарушы органы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.».
2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
Алматы облысының әкімі А. Баталов