«БЕКІТЕМІН»
Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
_______________Р. Қожасбаев
«___» ______________2019 ж.
функциялары мен құқықтары
1) бухгалтерлік есепті дұрыс және ұтымды ұйымдастыру.
2) бухгалтерлік есептің жаңа түрлері мен әдістерін еңгізу.
3) қызметкерлердің еңбек ақысын есептеуді ұйымдастыру.
4) кадр саясатын жүзеге асыру.
1) ашық лимиттерге сәйкес қаржының дұрыс және тиімді жұмсалуын және бюджет бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес олардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
2) қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындайтын есептерді уақытында жүргізу, облыстың қаржы және салық органдарымен жұмысты жүргізу;
3) тоқсандық және жылдық бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде ұсыну;
4) активтер мен материалдық құндылықтардың сақталуын қадағалау;
5) ақша-қаражатын, тауар-материалдық құндылықтарды, сонымен қатар кредиттік және есептеу міндеттемелерін қабылдау және беру үшін негіз болып табылатын құжаттарды әзірлеу;
6) басқарма мамандарының еңбек ақы, әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
7) қаржыландыру жоспарын және оған есептеу жоспарын әзірлеу және келісу;
8) бухгалтерлік қызметтің есебі және есеп беру мәселесі бойынша ережелер мен нұсқаулықтарды жүйелендіру;
9) құжаттарды сақтау және белгіленген тәртіпте мұрағатқа өткізу;
10) ақша-қаражатының, тауар-материалдық құндылықтарды, негізгі қорларды, оларға есептеме және төлем міндеттемелерінің белгіленген ережелері мен мерзімдердің сақталуын қадағалау;
11) материалдық жауапты тұлғалардың қарауында тұрған құндылықтардың сақталуы және есепке алу мәселелері бойынша оларға нұсқама беру;
12) сатып алынатын тауарлар, жұмыс және көрсетілетін қызмет көлемі мен номенклатурасын қалыптастыру;
13) тауар жеткізушілерді таңдау, олармен мемлекеттік сатып алу туралы келісімдерді жасау;
14) мемлекеттік сатып алу туралы келісімдерді орындау;
15) кадрлардың ауысу жағдайына талдау жасау және есеп беру;
16) заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғаларды тағайындау және жұмыстан босату туралы басқарма басшысының бұйрықтарын дайындау;
17) басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне жыл сайынғы еңбек демалыстары және іссапарға шығуы туралы бұйрықтарды әзірлеу;
18) басқармада кадрлардың құрамы және ауысымы, кадрға қатысты басқа да есептерді тапсыру;
19) басқарманың сенім телефоны бойынша жұмысты жүргізу;
20) басқарманың істер номенклатурасын келісу және бекіту;
21) басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің еңбек кітапшаларын сақтау, беру және оларды есепке алу жұмыстарын жүргізу;
22) басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін көтеру және қайта даярлау бойынша жоспар кестені әзірлеу және бекіту;
23) басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің салтанатты түрде ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру;
24) басқармада мемлекеттік лауазымға орналасатын адамдарды арнайы тексеруден өткізу үшін қажетті құжаттарын ресімдеу;
25) басқарма қызметкерлерінің салық декларациясын уақытында тапсыруына бақылау жасау;
26) басқарма мамандарының жеке іс қағаздарын жүргізу;
27) басқарма мамандарына қызметтік куәлік беруді қамтамасыз ету;
28) басқарманың жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу.
1) Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы басқарма басшылығына ұсыныс еңгізуге;
2) белгіленген тәртіпте басқарманың құрылымдық бөлімшелерінен бөлімде қарастырылып жатқан мәселелерге қатысты құжаттар мен материалдарды сұратуға және алуға;
3) бөлім басшыларынан басқарманың мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге шара қолдануды талап етуге;
4) басқарма басшылығына бухгалтерия және кадр қызметін жақсарту жөнінде ұсыныс еңгізуге;
5) басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша басқа да тапсырмаларды орындауға.
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жеке-дара жауап береді;
2) бөлім қызметкерлері арасында міндеттердің бөлінуін, қажетті тәртіпті және еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
3) бөлім қызметін, оның әрбір қызметкерін зерделейді және басқарма басшысына бөлім құрылымын жетілдіру, мамандарды лауазымға тағайындау және босату, оларды жазалау және көтермелеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, оның құзыретіне кіретін басқарма басшыларының тапсырмалары бойынша басқа да міндеттерді орындайды.
Бөлім басшысы Ж. Берикбулова