«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-
инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
2023 жылға арналған азаматтық бюджеті
«Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған бюджеті 2 647 909,0 мың теңгені құрайды. Олар келесі бюджеттік бағдарламалар үшін қарастырылған:
001 "Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриялық – инновациялық даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" – 152 743,0 мың теңге. Осы бағдарлама бойынша шығыстар 17 штаттық мемлекеттік қызметкерлер мен 4 техникалық қызметкерлерге еңбекақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, салық шегерімдеріне, іссапар шығыстарына, сондай-ақ кеңсе тауарларын сатып алу үшін, коммуналдық (электр энергиясы, су, жылумен жабдықтау, телефон, интернет) және басқа да қызметтер мен жұмыстарға (веб-сайтты сүйемелдеу, "1С Бухгалтерия", "Бюджеттік қаржыландыру" бағдарламаларын сүйемелдеу, стендтер, мекеме бланкілерін дайындау, компьютерлік техниканы жөндеу және қызмет көрсету, облыстық ауқымдағы көрмелер өткізу) арналған.
003 «Мемлекеттік органдардың күрделі шығыстары» - 10 000,0 мың теңге
005 "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау" – 318 594,0 мың теңге облыс кәсіпкерлеріне жаңа бизнес - жобаларды іске асыру үшін өтеусіз негізде мемлекеттік гранттар.
008 «Кәсіпкерлік қызметті қолдау» – 445 800,0 мың теңге фронттық – кеңсе құрып, жұмысын жүргізу үшін.
010 "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау" – 574 865,0 мың теңге кәсіпкерлікке кредит беру мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға. Оператор "Даму КДҚ"АҚ болып табылады.
011 "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру" – 129 818,0 мың теңге шағын және орта бизнеске несиелерді ішінара кепілдендіру, кәсіпкерлерді қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру және бағдарламаны үздіксіз іске асыру үшін. Оператор "Даму КДҚ"АҚ болып табылады.
028 «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыру» - 200 000,0 мың тенге.
044 «Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау» - 180 928,0 мың теңге.
051 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамыту» - 615 161,0 мың теңге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің және индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу үшін.
082 «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру» - 20 000,0 мың теңге.