ЖОБА
Алматы облысы әкімдігінің қаулысының күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қарашадағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» № 487 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысының әкімі М. Сұлтанғазиев