Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №487 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы

«Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №487 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 17-10) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №487 қаулысына (Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 7 қарашада № 5295 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерідің эталондық бақылау банкінде 2019 жылы 15 қарашада жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         көрсетілген қаулымен бекітілген Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

         2-тармақтың 7-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «7) сатып алу интервенциялары - Алматы облысының аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің тапсырмалары аясында мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;»;

         2-тармақ келесі мазмұндағы 9-тармақшамен толықтырылсын:

         «9) шекті сауда үстемесі - ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.»;

         7-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «7. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру және тұрақтандыру қорын қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу арқылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымнан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.»;

         келесі мазмұндағы 7-1-тармақшасымен толықтырылсын:

         «7-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың үш жылдық кезеңге арналған қолданылу мерзімі өткенге дейін жергілікті атқарушы орган мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелерді көрсете отырып, қосымша келісім жасасады.»;

         12-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «12. Алматы облысының жергілікті атқарушы органы ай сайын, айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.»;

         14-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «14. Үлгілік қағидаларда регламенттелмеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың ерекшеліктері (егжей-тегжейі) осы Қағидаларымен айқындалады.»;

         22-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «22. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының нормаларына сәйкес, Алматы облысының статистика департаменті қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.»;

         26-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «26. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибюторлардан) сатып алынады.»;

         36-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «36. Алматы облысының жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында, Комиссиямен айқындалатын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес, мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.»;

         37-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «37. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бекітілген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.»;

39-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«39. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілері Комиссиямен кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (критерилерге) сәйкес айқындалады:

1) кәсіпкерлік субъектілері меншігінде не жалдау құқығымен азық-түлік тауарларын тиісті өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларын сатып алу және басқа операцияларды орындауға арналған қойма құрылыстары мен басқа да үй-жайлардан тұратын және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаны тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымға ие болуы тиіс;     

2) кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарастыру кезінде дәрменсіздік немесе тарату сатысында болмауы тиіс;

3) кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарастыру кезінде адал емес жеткізушілер тізімінде болмауы тиіс.»;

41-тармақтары келесі редакцияда мазмұндалсын:

         «41. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызын қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады.

         Кәсіпкерлік субъектісі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін беруге құқылы:

         1) банк кепілдігі;

         2) кепіл (жылжымайтын/жылжымалы мүлік, тауар кепілі, кепілдің басқа да түрлері);

         3) сақтандыру шарты;

         4) үшінші тұлғалардың кепілдігі / кепілгерлігі;

         5) корпоративтік кепілдік.

         Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда ресімделеді.

         43-тармақ алынып тасталсын.

  1. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Алматы облысы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1) және 2)-тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары А.Дәндібаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

 

 

Алматы облысының

әкімі                                                                               М. Сұлтанғазиев

Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» №487 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
21 сентября 2022